Құлсарыдағы қанды жанжал: 17 жастағы Эльдардың өліміне қатысты тың дерек тарады

23.02.2026 16:34 Мөлдір Талғат
Құлсарыдағы қанды жанжал: 17 жастағы Эльдардың өліміне қатысты тың дерек тарады
64
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес кезінде қаза тапқан 17 жастағы Эльдар Аманбектің ісі апелляциялық сатыға өтті. 2006-2007 жылы туған 13 жасөспірім кінәлі деп танылғанымен, үкімге тараптар шағым түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 19 қаңтарына қараған түні болған. Мектеп оқушысы достарымен бірге үшінші ықшамауданнан бірінші ықшамаудан аумағына барған. Сол жерде қарсы топ жастарымен жанжал туындаған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Слово пацана» фильміндегі сценарийді еске салған: қолдарына таяқ пен пышақ ұстаған топ көлікті қоршап алған. Жігіттер көлікпен қашып үлгергенімен, барлығы түрлі жарақат алған. Эльдар сан тұсынан бірнеше рет пышақталып, көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмған.

Марқұмның ата-анасы – Жанабек Мусабаев пен Алтынай Шалатаева сот барысында істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») және 293-бабы («Қару қолдану арқылы топпен жасалған бұзақылық») бойынша қарау дұрыс емес екенін айтып, айыпты 99-бап («Адам өлтіру») бойынша қайта саралауды талап етті.

Алайда сот іс квалификациясын өзгертпеді. Нәтижесінде 10 айыпталушы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілсе, үшеуі 6 және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Эльдардың отбасы бұл жазаларды қылмысқа сай емес деп есептейді.

27 қаңтарда апелляциялық қарау басталғанымен, алғашқы отырыс кейінге қалдырылды. Тыңдау 5 ақпанға шегерілді, алайда процесс тағы да кейінге қалған.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, сот барысында марқұмның анасы сөз сөйлегісі келгенде, қорғау тарапы арасында дау туындап, отырыс аяқталмай қалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий