«Құны – 4 миллион теңге». Жахан Отарғалиев үшінші жұбайына мәхр сыйлады

«Құны – 4 миллион теңге». Жахан Отарғалиев үшінші жұбайына мәхр сыйлады
02.05.2025 18:17
0
120
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актер Жахан Отарғалиев жақында үшінші рет шаңырақ көтеріп, жарына мәһр ретінде алтын сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

"Достар, келіншегіме мәхр алуға келдім. Мәхрдің болғаны дұрыс сияқты. Қыз баласының жеке сыйлығы ғой. Не де болса, қалағанын алып бердім. Алтын сұраған еді", — деп жазды актер Instagram парақшасында.

Өнер иесінің бұл қадамы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі махр сыйлаудың дұрыс шешім екенін қолдаса, енді бірі бұрынғы әйелі Балжан туралы да пікір білдірді.

"Әйелінің бетін көрсетпей ме?", "Мен де мәхр алуға келіп отырмын", "Балжанға осындай сыйлық беріп пе еді?", "Ол балалы болмайтын болған соң айырылысып кетті", "Жалғыз түйір сақина 4 миллион теңге тұрады екен", — деген түрлі пікірлер қалдырды желі оқырмандары.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев бұған дейін екі рет отбасын құрған. Бұл жолғы некесіне байланысты да қоғамда түрлі көзқарастар туындап жатыр. Алайда актердің өзі қазіргі таңда жеке өмірін ел талқысына салмай, бақытты отбасы құруға ниетті екенін білдірген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий