Құрбыларының қолынан қаза тапты деген Ақнәр Хамиттің ісіне қатысты тың дерек шықты
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қоғамда үлкен резонанс тудырған Ақнәр Хамиттің қазасына байланысты қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Қазір тергеу тобы құрылды. Жәбірленуші тараптың барлық уәждері толық көлемде тексеріліп жатыр. Бұл істі өзім жеке бақылауға алдым. Тергеу барысын апта сайын тыңдап отырамыз», – деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, тергеу аясында алынған бейнежазбаларға видеофоноскопиялық сараптама тағайындалған.
«Сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Жәбірленуші тараптың барлық мәліметтері мұқият тексеріледі», – деп қосты ол.
Еске салсақ, 22 жастағы Ақнәр Хамит былтыр шілде айында Алматыдағы Amir тұрғын үй кешенінің 7 қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
19:05
Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағ...
29.10.2026
18:09
Қазақстанның Қорғаныс министрі қаза тапқан және...
29.10.2026
17:01
Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы ав...
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...