Құрбыларының қолынан қаза тапты деген Ақнәрдің анасына қысым көрсетілуде
Ақнәрдің анасы Гүлстан Қамитке қысым көрсетілуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оған Астана қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарласып, үйіне полиция қызметкерлерін жіберетінін айтып, әлдебір видеоны талап еткен. Алайда, Гүлстан ханым қолындағы барлық бейнематериалдарды тергеушіге бұрыннан тапсырған.
Қазір одан нақты не талап етіліп отырғаны мүлде түсініксіз. Ақнәр үшін ашылған инстаграм парақшада:
"Қызы азапталып, қаза тапқан жәбірленуші тарапқа қысым көрсету деген не сұмдық?! Қылмыскерлерге қатысты әділ әрі заңды шешім қабылдаудың орнына, тергеудің бағытын басқа жаққа бұру кімге тиімді? Біз бұл әрекетті жәбірленушіні қорқытып-үркіту және әділдікке жетуге кедергі жасау деп бағалаймыз”, - деп жазылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...
29.10.2026
19:05
Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағ...