"Құрбысы түсірген": Нұркенттегі баланы қатыгездікпен ұрудың мән-жайы белгілі болды

19.01.2026 14:20 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
419
Фото: видеодан скриншот

Жантүршігерлік оқиға Нұркент кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Видеодан шамамен 3–4 жастағы баланы әйелдің аяусыз ұрып-соққаны анық көрінеді. Ол баланы теуіп, қолынан тартып, бұрап, басы мен арқасына бірнеше рет соққы жасаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Панфилов аудандық әкімдігінің мәліметінше, аталған елді мекен шекара маңындағы Қорғасқа жақын орналасқан. Оқиға болған үй бұрын бюджет қаражаты есебінен, әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй ретінде салынған.

Бейнежазбаны үй иесінің қонаққа келген құрбысы телефонға түсірген.

Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұған дейін хабарланғандай, балалардың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Балалар Жаркент қаласындағы “Жанұя” отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қазіргі жағдайлары қалыпты. Әлеуметтік желіде тараған видеоны үй иесінің қонаққа келген құрбысы түсірген», – деді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбол Ханағат.

Әкімдіктің мәліметінше, видеодағы әйел 2020 жылдан бері ресми некеде тұр. Сонымен қатар оның психиатриялық диспансерде арнайы есепте тұрғаны да анықталған.

Қазіргі таңда ұсталған әйелге Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Заң бойынша күдіктіге 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Панфилов аудандық әкімдігінде сондай-ақ әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий