Құрбысын қызғаныштан 27 рет пышақтап өлтірген бойжеткеннің ісі: қанды қылмыстың мән-жайы

18.08.2026 14:44 Мөлдір ҚАЙНАР
Құрбысын қызғаныштан 27 рет пышақтап өлтірген бойжеткеннің ісі: қанды қылмыстың мән-жайы
302
Фото: Tengrinews

Астанада студент құрбысын 27 рет пышақтап, ерекше қатыгездікпен өлтірген қыздың қылмысы мен сот үкімінің хронологиясы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 2015 жылдың күзінде болған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті Ұлжан Рысқұлбекова жұмыста танысқан 23 жастағы Баян Шалқароваға жаны ашып, оны өз пәтеріне бірге тұруға шақырған. Алайда қазан айында Ұлжан хабар-ошарсыз кетіп, туыстары іздеу салған. Кейін тәртіп сақшылары бойжеткеннің кілемге оралған мәйітін кіреберістен тапты.

Тергеу барысында екі құрбы арасында жанжал шығып, Баян Шалқарова оны басынан балғамен ұрып, артынша 27 жерден пышақтағаны анықталды. Қылмыскер қан іздерін тазалап, марқұмның пальтосы мен етігін, iPhone телефонын және 600 мың теңгесін ұрлап кеткен.

"Мен оған қызғанышпен қарадым. Қалай киінетініне, Астанада пәтері барына, әлеуметтік жағдайының жақсы екеніне, қалай киініп, тамақтанатын көре алмадым. Ішімді қызғаныш биледі. Сол қызғаныштың кесірінен оны өлтірдім", – деп мойындады сотталушы.

Кейін ол "өзімді қорғадым" деп жауабын өзгерткенімен, сот Баян Шалқарованы аса қатыгездікпен адам өлтіру және ұрлық баптары бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Шығыс Қазақстан облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушы 2019 жылы түрмеде өткен "Көктем аруы" сұлулық байқауында 1-орын алған.

"Мен мұнда үйреніп қалдым. Әкімшілік маған бейімделуге көмектесті. Түрлі байқаулар мен қойылымдарға қатыса бастадым. Бостандықта жүргенде тек мансабым туралы ойлаппын, мұнда бәрі басқаша", – деді жазасын өтеуші.

Войдите, чтобы оставить комментарий