Құрмаш Маханға қатысты тың ақпарат шықты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі композитор Құрмаш Махан сүйген қызына не себепті қосыла алмағанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Сол қыздың көңілін табу үшін тек ән арнамай, тауды да қопардым. Мен ән де жазамын, сахнада да өнер көрсете аламын, басқа да істерге қабілетім бар екенін дәлелдеуге тырыстым», – дейді ол.
Әншінің айтуынша, ол бір қызға тоғыз ән арнаған.
«Әрине, бәрін өзім жаздым деп айта алмаймын. Мысалы, «Армандаймын адам боп жаралғасын» әнінің композиторы – Бағлан Омаров, ал сөзі – ақын Әмзе Қалмырзаұлына тиесілі. Ал «Жан сырымның» авторы – Жолбарыс Сейфуллин. Мен үйленіп, ол тұрмысқа шыққаннан кейін біздің арамыздағы байланыс үзілді. Оның қажеті де болмады. Ол мен үшін енді тек естелік қана», – дейді Құрмаш Махан.
Соңғы жаңалықтар





