Құрылтай депутаттары айына 1 млн теңгеге дейін алады – Дания Еспаева
Құрылтай депутаттарының айлық жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналистер жаңа Құрылтай депутаттарының қанша жалақы алатынын сұрады. Дания Еспаеваның сөзінше, төленетін сома депутаттың еңбек өтіліне байланысты.
«Қазіргі депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн болады», – деді Дания Еспаева.
Бұған дейін Дания Еспаева депутаттық әдеп талаптары бұзылған жағдайда қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін түсіндірген еді. Оның айтуынша, кей жағдайда депутат бір күндік жалақысынан айырылуы мүмкін. Ал жұмысқа себепсіз келмеген жағдайда жалақысы мүлде төленбеуі ықтимал.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...