Құрылыс компаниясы жауаптан құтылды ма? Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта күтпеген бетбұрыс болды
Астанада жедел жәрдем қызметкері Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты өтіп жатқан сот отырысында іске қатысты маңызды жаңа құжаттар ұсынылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот барысында прокурор құрылыс салушы компанияға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны материалдарға қосуды сұрады. Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы кондоминиум нысанының бұрынғы сенім білдірілген өкілдеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша бөлек жаңа қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеп, бұл құжатты да іске тіркеуді өтінді.
Бұған дейін аталған тұрғын үй кешенінің құрылысынан бірқатар күрделі техникалық ақаулар анықталған болатын.
Келесі сот процесі 16 қыркүйек сағат 10:00-ге белгіленді. Кезекті отырыста марқұмға шұғыл ота жасаған нейрохирург дәрігер мен Қалалық бақылау және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бұрынғы маманынан жауап алынады деп күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...