Қылмыс әлемінің серкесі Серік Голова қайтыс болды
Серік Жаманаев ұзақ ауырғаннан кейін қайтыс болды
Қылмыстық ортада Серік Голова деген лақап атпен танымал Серік Жаманаев 25 сәуір күні ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен ауырған.
Серік Жаманаев 1965 жылы 21 қаңтарда Алматы облысының Фабричный (қазіргі Қарғалы) ауылында дүниеге келген. Ол 1982 жылы ұрлық жасады деген айыппен алғашқы сотталды. Үш жыл жазасын өтеп, бостандыққа шыққан соң қарулы шабуылдарға ұрынып, 1986 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы кезеңде кез келген жағдайдан тез жол таба білетін қасиеті үшін оған «Голова» лақап аты берілді.
1996 жылы 26 мамырда Сочи қаласында ТМД елдерінің 40 криминал ақсақалымен басқосуда оған «тәж» кигізілді. Қамауда болған кезінде Жаманаев елдегі барлық түрмелер мен колонияларды бақылауда ұстады. Жалпы, оның тоғыз рет сотталғаны мәлім.
Осыған дейін қылмыскердің қызы оның ауыр халде екенің айтқан болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды