Қырғызстанның бұрынғы министрі АҚШ-та курьер болып жүр ме?
Қырғызстанның бұрынғы еңбек және әлеуметтік даму министрі Ұлықбек Қошқоров АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда бұрынғы шенеуніктің көлік жүк салғышына пакеттер тиеп жатқаны көрінеді және видео авторы оның Amazon компаниясында еңбек ететінін жазған. Желі қолданушылары экс-депутаттың шетелдегі адал жұмысын қолдап, оның Қырғызстанда басшы болған кездерін жылы лебізбен еске алды.
Ұлықбек Қошқоров кезінде «Ата-Жұрт» партиясының тізімімен бесінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес депутаты болған және 2017 жылы президенттік сайлауға түсіп, бір жылдан соң министр қызметіне тағайындалған. Ал 2020 жылы «Бирімдік» партиясымен парламент сайлауына қатысқан ол қазан оқиғаларынан кейін билікке Садыр Жапаров келген тұста қызметінен босатылған. Бұрынғы шенеуніктің өзі жұмыстан шығарылғанын интернеттен оқып білгенін мәлімдеген болатын.
Соңғы бірнеше жылда ол отбасымен бірге Чикаго қаласында тұрып жатыр және өзінің шетелге көшуі мен қазіргі қызметі туралы көпшілік алдында ешқандай пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда Қырғызстанның тағы бір бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасының, дәлірек айтсақ экс-премьердің баласы қамауға алынғаны белгілі болған еді.
Соңғы жаңалықтар