Қытай АҚШ-қа қарсы тұруға әлемді шақырды

The Washington Post: Қытай АҚШ-тың алдында «тізе бүкпейтінін» мәлімдеп, елдерді қорқытушылыққа қарсы тұруға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бүгін Қытай президент Дональд Трамптың тарифтік қысымына қарсы тұратынын және ешқашан «тізе бүкпейтінін» мәлімдеді. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі жариялаған драмалық бейнероликте:
«Хулиганның алдында бас ию – шөлді басу үшін у ішуге тең», – деп айтылды.
Бұл бейне Қытайдың Трамптың сауда соғысына жауап ретінде жасаған кезекті батыл қадамы болды. Сауда қақтығысы әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы қатынастарды ушықтырып, Қытайға өзін сенімді жаһандық держава ретінде көрсетуге мүмкіндік берді.
Шанхайдағы Фудан университеті жанындағы Америка зерттеу орталығы директорының орынбасары Сун Гуоюйдің айтуынша:
«Қытайдың АҚШ-қа қарсы қарсы шаралары мен бағынбаушылық көрсетуі дамушы елдер арасында Қытайға деген қолдауды арттыра алады».
«Біз біреудің батыры болуға ұмтылмаймыз, бірақ біреу өз ұстанымын көрсетуі керек», – деді ол.
Бірнеше ай бойы Қытайды қатаң сынға алған Трамп соңғы уақытта жұмсақтау риторика ұстанып келеді. Өткен аптада ол қытайлық тауарларға салынған тарифтерді, кейде 245%-ға дейін жеткен, «едәуір төмендететінін» және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен байланыста екенін мәлімдеді.
Алайда Бейжің кері шегінуден бас тартып отыр. Қытай экономикалық қиындықтарға сауда соғысы басталмай тұрып-ақ тап болғанына қарамастан, Пекин Трампты бірінші болып шегінуге мәжбүрлеуге тырысуда.
Соңғы жаңалықтар





