Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеді

Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеді
17.03.2025 11:15
0
94
instagram.com/Қайрат Нұртас

Танымал әнші Қайрат Нұртас Қытайға гастролдік сапармен барып, үлкен қызығушылыққа ие болды. Оның концерті жайлы продюсері әрі анасы Гүлзира Үсенқызы айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Арт-директордың мәліметінше, Қытай билігі әншінің белгілі "Ауырмайды жүрек" әнін орындауына рұқсат бермеген. Концертке қойылатын қатаң талаптарға сәйкес, әрбір әннің мәтіні алдын ала тексеріліп, тек рұқсат етілген композициялар ғана орындалған. Егер бекітілмеген әндер шырқалса немесе фонограмма қолданылса, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыларға қомақты айыппұл салынуы мүмкін еді. Мұндай шектеулерге байланысты Қайрат Нұртастың бірнеше әні, соның ішінде "Ауырмайды жүрек" және тағы бірнеше туындысы орындалмай қалды.

Соған қарамастан, әншіні қытайлық тыңдармандар ерекше ықыласпен қарсы алған. Гүлзира Үсенқызының айтуынша, тыңдармандар өнер иесін күтіп, таңғы 4-ке дейін мейрамхана алдында отырған. Ол қытайлық көрермендердің ықыласына таңғалып, оларға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий