Қызметтік міндетін атқару кезінде өрт сөндіруші қаза тапты
769
6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.
Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген ТЖМ хабарламасында.Министрлік қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...