«Қызы сәл жабық киінсе болар еді ғой»: Қайрат Нұртастың қыздары ұятқа қалды
Қайрат Нұртас отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалып жүріп, тұңғыш қызы Сезімнің 18 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz
Әнші бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, кешкі ас барысында қызына жүрекжарды тілегін арнады. Сонымен қатар ол Қазақстанда алдын ала дайындап қойған ерекше сыйлықтарын да атап өтті. Әншінің айтуынша, қызына пәтер мен автокөлік сыйланған.
Ал анасы Жұлдыз Әбдукәрімова да видеода өз ойын білдіріп, қызының өнерден гөрі ғылым мен білімге жақын екенін атап өтті.
«Біліміңді шыңдап, қалаған ісіңмен айналыссаң болды. Бастысы — өз жолыңды тап», — деп ақылын айтты ол.
Желі қолданушылары бақытты отбасының демалыстағы видеосын қызу талқылап жатыр. Көпшілік жылы лебізін білдірсе, кейбір оқырмандар Сезімнің киім үлгісіне қатысты пікір қалдырған.
«Қызы сәл жабық киінсе болар еді ғой», «Мен ұялып кеттім», «Әкесінен ұялмайды екен, ашық-шашық», «Мұндай отырыс ерсі көрінеді» деген пікірлер де жазылды.
Ал енді бір желі қолданушылары әкесінің құшағында тұрған қыздың ыңғайсызданып қалғанын байқап, әзіл аралас пікір қалдырған.
Соңғы жаңалықтар