"Қызы суық": бірінші некедегі қызымен видео түсірген Айқын сынға ұшырады

27.02.2026 10:37 Мөлдір Талғат
1331
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Айқын Төлепберген бірінші некесінен туған балаларына барып, қызы Асылымды көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл жолы қызының өнерін көрсетіп, оның фортепианода ойнайтынын және сурет салатынын айтты. Айқынның сөзінше, Асылымның шығармашылық қабілеті ерекше.

«Болашақ халықаралық конкурстардың жеңімпазы – Нұртас Асылым Айқынқызы. Мен тіпті бұлай ойнай алмаймын. Фортепианода ойнап қана қоймай, сурет те салады», – деді әнші.

Алайда желі қолданушылары бұл қадамды әрқалай қабылдады. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі сын пікір қалдырды.

"Мұндай әкеден сақтасын, анасын тастап кеткен. Әсел, мықтысың",

"Бақытты бол! Талабың таудай болсын, құлыншағым!",

"Осындай сәттер әдейі концерттің алдында жасалатындай әсер қалдырады. Неге бұған дейін балаларын жарияламады?",

"Бір кем дүние... Әкесі жанында болса, осындай балалары барда екінші рет үйленбес еді. Бақытты болсын, асыл қыз."

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий