Қызылордада балабақшадан өрт шықты
Қызылорда қаласында орналасқан балабақша ғимараттарының бірінде өрт шықты. Оқиға Отырар көшесінде болған, деп хабарлайды Politico.kz.
13 сәуір күні «Ақбілек» атты екі қабатты балабақшаның жертөлесінде өрт тіркелген. Жалпы ауданы 244 шаршы метр болатын ғимараттың шамамен 28 шаршы метр аумағы жанған.
Мамандардың мәліметінше, өрт сағат 12:04 шамасында оқшауланып, араға жеті минут салып толықтай сөндірілген.
Оқиға кезінде балабақшада болған 93 адам, оның ішінде 85 бала өз бетінше эвакуацияланған. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметі тағы 5 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
Абырой болғанда, зардап шеккендер тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Тілсіз жаумен күреске 35 құтқарушы мен 12 техника жұмылдырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...