Қызылордада хабар-ошарсыз кеткен 6 жасар қыздың денесі табылды
Қызылорда қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмыстары қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін Сырдария өзенінен тапты.
Ауқымды іздеу-құтқару шаралары екі күн бойы жүргізілген. Операцияға жергілікті полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті мамандары және еріктілер жұмылдырылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 5 маусым күні кешкі сағат 18:30 шамасында қыз бала Қызылорда қаласындағы «Рисмаш» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін бірден іздестіру жұмыстары басталған.
Жедел шараларға қарамастан, бүлдіршінді аман табу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...