Қызылордадағы мың еркек зорлаған 16 жастағы қыздың ісі: сот үкім шығарды
1018
Қызылордада сексуалды құлдыққа ұшыраған оқушы қызға қатысты бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс жабық есік жағдайында қаралды.
Соттың мәліметінше, сотта қылмыстық процестің тек бір эпизодына қатысты іс қаралған.
Ресми мәлімет бойынша, сотталушы Т, кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 700 мың теңге талап еткен, сондай-ақ сөмкесіндегі 35 мың теңге ақшасын алып кеткен.
Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, сотталушының кінәсі психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен, оқиға болған жерді қараумен, беттестіру хаттамаларымен және жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденген.
Сот үкімімен Т "бопсалау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген сот хабарламасында.Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған. Ресми мәлімет бойынша, сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...