«Қызым некесіз дүниеге келді». Белгілі дизайнер алғаш рет жеке өмірі туралы айтты

Танымал отандық дизайнер Аида Кауменова журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кауменованың сөзінше, қызын некесіз босанған. Сөйте тұра құрсақтағы сәбиін қалдыру туралы шешімді бірден қабылдаған.
Ол кезде қиын заман еді. 27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Некесіз қызымды босандым. Ата-анама оңай тиген жоқ. Бірақ бойыма бала біткенде, дүниеге әкелемін деп шештім. Мұндайда көп қыздар баланы алдырып тастап немесе перзентханаға қалдырып кетіп жатады. Мені ата-анам махаббатқа бөлеп өсірді. Сондықтан да шығар, баланы қалдыруға қатысты менде күмән болған жоқ. Италияда оқып жүрген едім. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне хабарды жеткіздім. Ол кісі үйдегілерге ескертіп қойыпты. Келсем, бәрі дайын отыр екен. Қызымды бәрі жақсы көреді, деді дизайнер.
Ал қызының әкесі үйленуден бас тартқан.
Басы бос еді, бірақ үйленгісі келмеді. Соған қарамастан қызымның әкесіне рахмет айтамын. Өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Осы жайт та менің Аида Кауменова болып қалыптасуыма әсер еткен шығар, деді сән әлемінің жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар





