Рахат Тұрлыханов әйеліне қатысты жанжалдан кейін үшінші рет полицияға жеткізілді

16.03.2026 12:52 Мөлдір Талғат
Рахат Тұрлыханов әйеліне қатысты жанжалдан кейін үшінші рет полицияға жеткізілді
767
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін БАҚ-та 15 наурыз күні Рахат Тұрлыхановтың әйелін ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Оқиғадан кейін ол Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілгені хабарланған.

Алматы қалалық полиция департаменті редакцияның сауалына жауап беріп, әншінің әйеліне күш қолданды деген күдікпен полицияға жеткізілгенін растады.

«Алматы қаласының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша түскен шақыртуға полиция қызметкерлері барып, оқиғаға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді», — деп хабарлады полиция.

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан, алайда кейіннен соққы фактісін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал болғаны туралы арыз жазған.

Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий