«Рахаттанып күле беріңіздер!»: Жеңілістен кейін Еркебұлан Тоқтар үзіліс алатынын мәлімдеді

29.03.2026 14:35 Қарақат АСЫЛОВА
«Рахаттанып күле беріңіздер!»: Жеңілістен кейін Еркебұлан Тоқтар үзіліс алатынын мәлімдеді
303
Марсель Нұрланбек уулу Тоқтарды айқын басымдықпен жеңді

Еркебұлан Тоқтар Hype FC 28 турнирінде сенсациялық түрде жеңілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қазақстандық танымал файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық спортшы Марсель Нұрланбек уулу-дан күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарымен өткен айқаста Тоқтар айқын фаворит саналған еді. Алайда жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қарсыласы тактикалық тұрғыда басымдық танытып, оның барлық әрекеттерін бақылауда ұстады. Еркебұлан өзіне тән агрессивті стилін көрсетуге тырысқанымен, Марсельдің мығым қорғанысын бұза алмады.

Алғашқы екі раундта қазақстандық файтер айтарлықтай қиындыққа тап болды. Ол қарсыласының соққыларына дер кезінде жауап қайтара алмай, жылдамдық пен дәлдік жағынан ұтылды. Үшінші раундта жағдайды өзгертуге талпынғанымен, қырғыз спортшысы мүмкіндік бермей, кездесуді толық өз бақылауында аяқтады. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен 3:0 есебімен жеңіс Марсель Нұрланбек уулу-ға берілді.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтардың қатарынан жеті жеңістен тұратын сериясы тоқтады. Ал қарсыласы жеңіліссіз рекордын сақтап, жеңістер санын 14-ке жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Еркебұлан әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасап, жеңіліс үшін кешірім сұрады. Ол бұл айқастан сабақ алатынын айтып, қателіктерін талдап шығатынын жеткізді. Сонымен қатар спортшы ұзақ дайындықтан кейін шаршағанын айтып, алдағы уақытта бірнеше айға үзіліс алып, қайта күш жинауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Файтердің айтуынша, бұл жеңіліс оның мансабындағы тоқырау емес, керісінше жаңа белеске бастайтын тәжірибе болмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий