«Рахаттанып қайттым»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзовамен не үшін кездескенін түсіндірді

18.09.2026 14:09 Мөлдір ҚАЙНАР
«Рахаттанып қайттым»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзовамен не үшін кездескенін түсіндірді
232
фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова продюсер Баян Алагөзованың жаңа студиясына барған кездесуі туралы айтып, әлеуметтік желіде әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін Баян Алагөзова өнер иесін ерекше ілтипатпен қарсы алып, «сіз туралы мемуар жазу керек» деген ұсыныс білдірген еді. Әнші продюсермен жүздесуі қалай өткенін баяндап, жылы лебізін жазды.

«Баянжанның жаңа студиясына барып, рахаттанып қайттым, студияда бәрі әдемі, өте таза екен, шәй ішіп, біраз әңгімелесіп қайттым», – деді Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары өнердегі қос тұлғаның бірлескен кездесуіне ризашылықтарын білдіріп, пікір қалдырды. Оқырмандар продюсердің мемуар жазу туралы ұсынысын қолдап, екі жұлдыздың шығармашылық байланысына сәттілік тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий