Рахмоновтың жары енесінен пәтер мен балаларға тиесілі мүлікті қайтаруды талап етті

12.06.2026 11:25 Мөлдір ҚАЙНАР
Рахмоновтың жары енесінен пәтер мен балаларға тиесілі мүлікті қайтаруды талап етті
244
Фото: newtimes.kz

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, енесіне өзіне тиесілі пәтер мен балаларының мүлкін қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Instagram-дағы сторисінде бұл мәселені адвокат арқылы бейбіт жолмен шешуге шақырып, егер талаптары орындалмаса, жоғары органдарға жария түрде жүгінетінін айтты.

Гүлайымның сөзінше, осы уақытқа дейін жүктілігіне байланысты үнсіз келген. Алайда қазір жағдайды созуға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, қаржылық қиындыққа байланысты балалары аш қалып, өзіне қажетті дәрі-дәрмекті де сатып ала алмай отыр.

«Осы уақытқа дейін құрсағымда көтерген балам үшін үндемей, сабыр сақтадым. Енді Шавкаттың анасы менің пәтерімді және балаларға тиесілі дүниені қайтарсын. Мен ұлымды қайтардым, енді менің пәтерімді қайтарыңыздар. Адвокатыммен байланысып, мәселені бейбіт жолмен шешейік», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Гүлайым өзіне қарсы бағытталған қорлайтын бейнежазбалар мен фотосуреттер бар екенін айтып, егер жауап болмаса, тиісті орындарға жүгінетінін ескертті.

«Сіздердің кесірлеріңізден балаларым аш отыр, дәрі-дәрмек алуға шамамыз жетпейді. Ертең хабарласасыздар деп үміттенемін. Әйтпесе, қажетті органдарға жария түрде жүгінемін. Мені бақылап, жазбаларымды оқып отырғандарыңызды білемін», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмановпен ажырасқанын мәлімдеген болатын. Ол ажырасқаннан кейін бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын айтқан. Спортшы бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Еске салсақ, 2026 жылғы 27 наурызда Тараз соты Гүлайым Рахмонованы Алматы – Екатеринбург тасжолында екі құрбысы қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда сот бес кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеуді бес жылға кейінге қалдырған.

Войдите, чтобы оставить комментарий