Раушан Құдайбергеннің болашақ күйеу жігіті болуы мүмкін азаматтың суреті тарады

Раушан Құдайбергеннің болашақ күйеу жігіті болуы мүмкін азаматтың суреті тарады
30.04.2025 16:36
0
269
Фото: instagram.com/issarinat

Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің болашақ күйеу жігіті болуы мүмкін азаматтың суреті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Пайдаланушылар болжап отырған жігіттің есімі – Ринат Исаев. Ол режиссер әрі продюсер ретінде танымал. Ринат 20 сәуір күні Instagram желісіндегі парақшасына «Керемет кештен естелік» деп жазба қалдырып, бірнеше сурет жариялаған. Сол кадрлардың бірінен оның жанында отырған бойжеткеннің Раушан Құдайберген екені аңғарылады.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасына қатысты пікірлерін жарыса білдіруде.

«Күйеу жігіті осы жігіт болса, таңғалып тұрмын», «Жасы үлкен сияқты», «Сақалды екен, Раушанға сай келмейді», «Бастысы – бақытты болсын», «Біз одан басқаны күткен едік» деген пікірлер жазылып жатыр.

Алайда кейбір қолданушылар бұл азаматтың болашақ күйеу жігіт екеніне күмән келтіруде. Бірқатар пікір иелері Раушанның жары басқа азамат болуы мүмкін екенін де алға тартады.

Айта кетейік, өткен аптада Айтбаевтар әулетінде қуанышты оқиға болып, Раушан Құдайбергеннің «Сырғалым» атанғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Бұл жаңалық желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий