"Раушан төркіндеп келді": Димаш Құдайбергеннің қарындасы дәстүр жаңғыртты
Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан ұзатылғаннан кейін алғаш рет төркініне қонақ болып келген сәті Instagram-да жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Видеода ата-анасы мен туыстары оны қуанышпен қарсы алып, дастархан жайып, құшақ жая қауышқан сәттер көрсетілген. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
"Бұл да біздің қалып бара жатқан дәстүріміз. Жарайсың, Света!", "Қандай керемет, төркінге келу, төркіндеп келу. Бақытты болып, аман-есен жүргейсіздер", "Өте қарапайым жандар" деген жылы пікірлер жазылды.
Ең ерекше сәттердің бірі – туыстарының тосын сый ретінде “Раушан гүлім” әнін орындауы болды. Бұл көрініс көпшілікті толқытты.
Айта кетейік, Раушан жуырда тұрмысқа шығып, оның ұзату тойы әлеуметтік желіде кең талқыланған еді. Қазір желідегілер жас келіннің өміріндегі әр жаңалығын қызығушылықпен қарап отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:57
Жезқазғанда «Қазақмыс» өндірісті бір жерден бақ...
21.10.2026
17:13
«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта ор...
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...