Ресей президенті Владимир Путиннің атышулы америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбаты жарияланды
Бұл сұхбатты Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведев "Ресей президенті Батыс әлеміне Украина деген ел неге болмағанын және неге болмайтынын мүмкіндігінше мұқият және егжей-тегжейлі айтып берді", - деп баға берген.
Екі сағаттық пропагандаға уақыт жұмсамауыңыз үшін негізгі деген тұстарын келтірейік:
Ресей мен Украина ерте ме, кеш пе келісе алады;
Путин Ресей 2014 жылдан кейін Украинадағы мәселелерді шешуді бейбіт жолмен іздеуді бірнеше рет ұсынғанын айтты. Бірақ оған құлақ аспайды;
Ресей ешқашан келіссөзден бас тартпаған, ал Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге тыйым салу туралы жарлық шығарды;
Қырымға 2014 жылы қауіп төнді, сондықтан Ресей оны өз қорғауына алуға мәжбүр болды;
Украинада Польша, АҚШ және Грузиядан ең көп жалдамалылар бар, деді РФ президенті;
Ресей Кеңес Одағының күйреуіне өз еркімен және бастамашыл түрде барды;
АҚШ көптеген әлемдік БАҚ-ты басқарады, сондықтан үгіт-насихат соғысында жеңіске жету өте қиын;
Ресейде Польшаға, Латвияға немесе басқаларға қатысты аумақтық шағымдар жоқ;
Путин "жаһандық соғыс ақылға қайшы келеді, бұл адамзатты жойылу шегіне жеткізеді" деп мәлімдеді;
Ресей өз халқын, өзін, Отанын және ортақ болашағын қорғайды, деді Ресей президенті.
Такер Карлсон сұхбаттан кейін өз әсерін айтыпты. Ол Украинаның айналасындағы дағдарысқа қатысты көкейде жүрген барлық сұрағына толыққанды жауап ала алдым деп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...
26.10.2026
16:30
Атырауда өлі табылған Бауыржан Асаиновтың әпкес...