Ресейдегі жаппай төбелестен кейін 3 қазақстандық тергеуге ілініп қалғандары он тәулікке қамалды

30.03.2026 10:09 Арман Ермеков
Ресейдегі жаппай төбелестен кейін 3 қазақстандық тергеуге ілініп қалғандары он тәулікке қамалды
779
Фото: Бейнеден алынған кадр

Қазақстанның Ресейдегі бас консулдығы Санкт-Петербург маңындағы Усть-Луга вахталық кентінде болған жаппай төбелеске қатысқан 3 отандасымыздың үстінен тергеу жүріп жатқанын және бірқатар азаматтың 10 тәулікке қамалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

28 наурыз күні консулдық қызметкерлері кентке барып, тұрмыстық жанжалдан кейін ұсталған қазақстандықтармен арнайы кездесу өткізді. Бастапқыда 100-деген адам қатысқан тәртіпсіздіктерден кейін түрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталып, олардың басым бөлігі алғашқы тергеуден соң босатылған.

Алайда тексеріс қорытындысы бойынша бірқатар адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімі шығып, тағы 3 отандасымызға қатысты тергеу жүргізілуде.

«Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ, барлық отандастарымызға қажетті құқықтық көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады бас консулдық.

Оқиғадан кейін вахталық кентте компания жұмысшылары, Ресейдің құқық қорғау органдары мен жұмыс беруші және күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды.

Қазіргі уақытта лагерьдегі ахуал тұрақты және екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасып жатқандықтан, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Ленинград облысындағы жаппай төбелестің бейнежазбасы тараған соң Сыртқы істер министрлігі 26 наурызда болған қақтығыстың тұрмыстық сипатта өрбігенін растап, оқиға орнына Қазақстанның бас консулы барғанын хабарлаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий