Ресейлік "жер-әуе" зымыраны Ақтау маңындағы ұшақ апатына себеп болды

Ресейлік
ТЖМ

Ресейлік "жер-әуе" зымыраны Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына себеп болды, деп хабарлайды Euronews Әзірбайжан Үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап.

Дереккөздердің хабарлауынша, зымыран Грозныйға шабуыл кезінде атылған, ал оның сынықтары ұшаққа тиіп, жолаушыларды жарақаттаған. Зақымдалған ұшаққа Ресей әуежайларына қонуға рұқсат берілмеді және оны Ақтауға жіберді. Ұшақтың GPS жүйелері Каспий теңізі арқылы ұшу кезінде өшірілді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу