Республика күні: Қазақстандықтар қазан айында қатарынан 3 күн демалады

16.09.2026 14:11 Мөлдір ҚАЙНАР
Республика күні: Қазақстандықтар қазан айында қатарынан 3 күн демалады
53
Фото: коллаж politico.kz

Қазан айында қазақстандықтар мерекелік және күнтізбелік демалыс күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұлттық мереке – Республика күні 25 қазан, жексенбіге сәйкес келіп тұр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мереке күні демалысқа тұспа-тұс келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.

Осыған орай азаматтардың демалыс күндері төмендегідей бөлінеді:

  • Бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 24, 25 және 26 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) күндері қатарынан 3 күн демалыс болады;
  • Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 24 және 25 қазан (сенбі, жексенбі) күндері демалыс, ал 26 қазан — жұмыс күні.

Жалпы алғанда, қазан айында бес күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 10 күн, ал алты күндік кестедегілер 6 күн тынығады.

Войдите, чтобы оставить комментарий