«Резеңке таяққа презерватив кигізіп...»: Атбасар түрмесінде 44 адам азапталған
0
942
Ақмола облысының Атбасар қаласындағы түрмеде азапталған жәбірленушілерден жауап алу басталды.
Басты айыпталушы Тимур Дәнебаев колонияда бейнеконференция арқылы куәлік беруден бас тартты. Бұған дейін ол сот отырысына қатысуға өтініш білдірген. Алайда конвой қызметі техникалық себептермен айыпталушы мен сотталған 44 жәбірленушіні бір уақытта сот залына алып келе алмайтын болғандықтан, сот өтінішті кері қайтарды. Осыған байланысты жәбірленушілер Zoom бейне қоңырауы арқылы жауап беріп жатыр, – делінген ақпаратта.Сот жәбірленушілерден жауап алуды бастады. Бірінші жауап алынған Р. есімді жәбірленуші Атбасар колониясында өзін ұрып-соққанын растады. Соның салдарынан ол 2023 жылдың тамыз айында асқазанын шегемен тесіп, өзіне қол салмақ болған. Артынша аудандық орталық ауруханаға жеткізілген.
Резеңке таяққа презервативті кигізіп, бір жеріңе кіргізетін, – деді жәбірленуші.Жауап алу кезінде сотталушылардың адвокаттары алқабилердің назарын түзеу мекемелерінде қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан жәбірленушілердің өмірбаянына аударуға тырысты. Алайда судья бұл мәселелердің Атбасар колониясының бұрынғы қызметкерлеріне тағылған айыпқа қатысы жоқ екенін айтып, ақпаратты іске қосудан бас тартты. Қылмыстық іс бойынша жалпы есепте 44 адам жәбірленуші деп танылды. Айта кетейік, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, олардың бірі жәбірленушіні дубинкамен ұрып-соққан. Кейін ІІМ Атбасардағы түрмеде болған азаптау видеосына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Фото: оқиға видеосынан скриншот
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
02.11.2025
00:04
"Көңілдесі бар. Өлгім келді": Мөлдір Мұқан Қаба...
01.11.2025
19:35
Астанада Satbayev University-дің жаңа кампусы а...
01.11.2025
18:01
Солтүстік Қазақстанда танымал кәсіпкерді атып ө...
01.11.2025
17:31
"Сен жай көшедегі әркімнің бір "тряпкасысың".Та...
01.11.2025
16:55
"Бұл - соңғы концерті": Қайрат Нұртас сахнадан ...
01.11.2025
14:06
Әнші Мәдина Сәдуақасова ел алдында масқара болды