Роза Рымбаеваның ұлдары жұртты қызықтырып қойды

Роза Рымбаеваның ұлдары жұртты қызықтырып қойды
29.04.2025 17:38
0
150
Фото: instagram.com/aliokapov

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлдары – әншілер Али Оқапов пен Мәди Рымбаев жаңа бірлескен туындының жарық көретінін хабарлады. Олар «Атамекен» атты әннің жуырда тыңдарманға жол тартатынын әлеуметтік желіде жария етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Atameken. Скоро", – деп жазды олар Instagram парақшасында, қысқа бейнеүзіндімен бөлісіп. Бейнежазбада бауырлардың әнді шынайы сезіммен орындап тұрған сәттері көрсетілген.

"Атамекен" – қазақ музыкасының алтын қорына енген әндердің бірі. Бұл әнді кезінде Роза Рымбаева керемет деңгейде орындап, халықтың жүрегінен ерекше орын алған. Сондықтан әннің бұл жолғы интерпретациясы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Желі қолданушылары да жаңа нұсқаға жылы пікір қалдырды:

«Роза Рымбаеваның репертуарын орындау оңай емес, бірақ сіздер тамаша орындап шықтыңыздар. Толық нұсқасын асыға күтеміз, браво!», «Өте талантты жігіттер!», «Сіздер әнге жаңа тыныс бердіңіздер», «Керемет ән, шын жүректен орындайсыздар, табыс тілейміз!», «Роза ханым қандай тамаша ұлдар тәрбиелеген!», «Шикарное исполнение!», - деп жазды олар. 

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Али мен Мәди жаңа бейнебаян ұсынған болатын. Енді олар ұлттық рух пен терең мағынаға толы «Атамекен» әнімен тыңдарманын қайта қуантпақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий