Роза Рымбаеваның үш жасар немересі білімге құштарлығымен көпшілікті сүйсіндірді
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның жалғыз немересі үш жасар Зейннің алғырлығы желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz
Баланың анасы Ақерке Бүркітбай ұлының қатысуымен түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желіде бөліскен. Видеода ол түрлі мемлекеттердің суреттері мен туын көрсеткенде, кішкентай Зейін олардың бәрін мүдірмей танып, нақты атап береді.
Көрермендерді әсіресе бүлдіршіннің Қазақстан туын қайта-қайта нұсқап, қуанышпен «Қазақстан!» деуі ерекше әсерге бөледі.
Желі қолданушылары Зейіннің жасына қарамастан елдерге деген қызығушылығы мен есте сақтау қабілетіне жоғары баға беріп, оның сөзінен туған еліне деген ерекше ықылас сезілетінін жазып жатыр.
Оқырмандар пікірлерін аямады:
«Ақылды», «Әжесінің тәтті немересі, аман бол», «Ғұмыры ұзақ болсын», «Болашақ президент өсіп келеді», «Зерек, алғыр балақай, болашағың жарқын болсын!», «Кішкентай данышпан», «Асылдың сынығы», «Ақылынан айналдық» деп жылы лебіздерін қалдырды.
Соңғы жаңалықтар