Рудныйда 19-дағы жігітті өлтірді деген кәмелетке толмағандардың ісі сотқа түсті
Рудный қаласында биыл қаңтар айында 19 жастағы Рамазан Үсентаевты өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайын толық әрі объективті түрде анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Айыптау актісі бекітілгеннен кейін кәмелетке толмаған айыпталушылардың ісі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа қарауға берілді. Қазіргі уақытта іс соттың қарауында жатыр, түпкілікті процессуалдық шешім әлі қабылданбады.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Рудныйдағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 19 жастағы жергілікті тұрғынның пышақталған денесі табылған еді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдіктілерді анықтады. Олар 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер болып шықты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...