СҚО-да балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі
279
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырудың 15 жағдайы тіркелді.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр бір жылдың ішінде көкжөтелмен 20 адам ауырған.
Биыл үш айдың ішінде дертті жұқтырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың басым бөлігі – Петропавл тұрғындары. Қызылжар ауданынан екі бала сырқаттанған.
Көкжөтел ауруының жиілеуі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты болып отыр. Яғни, дертке қарсы екпе алудан бас тартатындар көбейген.
Маманның айтуынша, көкжөтелден қорғанудың сенімді әдісі – вакцинациялау. Көкжөтелге қарсы екпенің алғашқы дозасы 2 айлық балаға салынып, сосын 3 және 4 айында қайталанады. Сондай-ақ 1, 5 және 6 жаста көкжөтелге қарсы ревакцинациялау жүргізіледі.«Көкжөтел – жедел таралатын, көбіне балалар ауыратын дерт. Десек те, ауруға қарсы өмірлік иммунитет қалыптаспаған жағдайда оны ересектер де жұқтырады. Бактерия науқас жөтелгенде сілекей, қақырық арқылы тарап, кейін тыныс алу органдарында дамиды. Жөтел қысып, ұстама кезінде бала қызарып, одан кейін көгеріп, мойнындағы тамырлары шодырайып, көздері қанталайды. Ырықсыз нәжіс, не несеп бөлінуі мүмкін. Тілі сыртқа шығып, көзінен жас ағады. Ауру бір айдан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Асқынған жағдайда өкпенің қабынуына ұласады, мидың зақымдануы сияқты асқынуларымен де қауіпті», - дейді инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Бекқожина.
Соңғы жаңалықтар
21.06.2026
17:34
«Ешкім ескертпеді»: Ақтөбе тұрғындары дауылдан ...
21.06.2026
16:09
Балабақшада кеңсе пышағымен бала жаралаған оқиғ...
21.06.2026
15:33
«Бұрын дәл осылай бақытсыз болмаған ем»: Нұрғал...
21.06.2026
14:40
Президент Саида Мирзиёевамен маңызды кездесу өт...
21.06.2026
13:34
Сәкен Майғазиев немересінің есімін жариялады
21.06.2026
12:48
Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады