«Сәбиін тастап кеткен»: Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты сұмдық жағдай айтылды

06.12.2025 15:59 Әсел Мұрат
«Сәбиін тастап кеткен»: Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты сұмдық жағдай айтылды
0
554
Фото: Smartnews.kz

Әлеуметтік желіде Назерке Надирова есімді қыз марқұм айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды POLITICO.

Айтуынша, ол Досбосыновтың ұлынан жүкті болып қалған. Алайда жігіт жүктілік кезінде де, бала дүниеге келгеннен кейін де жауапкершіліктен қашып, жоқ болып кеткен.

Жазба авторы 2024 жылдың қазан айында өздерінің бірге УЗИ-ге барғанын, сол кезде бәрі жақсы болып, екеуі болашақ ата-ана ретінде бақытты сәтті бастан кешкенін жазды. 

Алайда дәл бір аптадан кейін жағдай мұлдем өзгеріп шыға келген. Оразалының ұлы түнгі үште Назеркені үйінен айқайлап қуып шығып:«Бұл менің балам емес» деп бас тартқан. Содан бері ол Назеркенің өмірінен толық жоғалған.

«Тоғыз ай бойы хабарласқан да жоқ. Не бір рет жағдайымды да сұрамады. Анама арқа сүйеп, барлық қиындықты екеуміз еңсеріп шықтық», — деп жазды Назерке.

Ол босанғаннан кейін де жағдай сол бұрынғыша қалған. Перзентханадан шығар кезде жігіт ештеңе болмағандай келіп, «бәрі жақсы болады» деген. Бірақ бұл да жалған уәде болып шыққан. Сол күннен кейін ол тағы да із-түзсіз жоғалып кеткен.

Назеркенің айтуынша, көпшілік жігітті марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы болғаны үшін ақтап алуға тырысады.

«Оразалы Досбосыновтың баласы болғандықтан, жұрт оны судан таза, сүттен ақ көреді. Ал менің қандай қиындық көріп жүргенімді ешкім ойламайды. Әкесінің аты оған қорған болып тұр», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары марқұм ақынның атына кір келтірмеуге шақырып, ұлының әрекетін сынады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий