Сәкен Майғазиевтің әйелі тоқал алуға қатысты ойын айтты

20.03.2026 13:26 Мөлдір Талғат
Сәкен Майғазиевтің әйелі тоқал алуға қатысты ойын айтты
73
Фото: әлеуметтік желі

Сәкен Майғазиевтің әйелі тоқал алуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әнші Динара Майғазиева әлеуметтік желіде жариялаған видеосында көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, көп әйел алу тақырыбына қатысты ойын ашық айтты.

Өнер иесі бұл жағдайдың барлығы адамның тағдырына байланысты екенін жеткізді.

”Ол негізі үлкен кісілер айтпақшы, адамның пешенесіне байланысты. Егер ол әйел адамның маңдайына жазылса, ол оны қалай ма қаламай ма көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой”, — дейді ол.

Әншінің бұл пікірі желіде қызу талқыланып, түрлі пікірлер жазылуда. Кейбір қолданушылар оның сөзінің астарында терең мән барын айтса, енді бірі мұндай тақырыпты қозғаудың өзін орынсыз деп бағалаған.

”Күлкінің астында үлкен жан сыры жасырынып тұр”,

“Қартайғанда осындай сұрақ қоюдың өзі ұят”,

“Қарапайымдылық пен тектіліктің белгісі”,

“Мен алып бермей алмайды деді, демек алмайды”, — деп жазды желі қолданушылары.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий