Сәкен Майғазиевтің жары келінмен асүйді қалай бөлісетінін айтты (ВИДЕО)

Сәкен Майғазиевтің жары келінмен асүйді қалай бөлісетінін айтты (ВИДЕО)
23.10.2025 07:53
0
424
фото: видео скриншот

Қазақ эстрадасының жұлдызы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кезіндегі қызықты оқиғасымен бөлісіп, қазіргі ас үйді келінімен бөлісу тәсілін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews ақпарат порталына сілтеме жасап.

Динара Майғазиева алғаш келін боп түскен кезіндегі қызықты естелігін айтып, оқырмандарды күлдірді. Оның айтуынша, ас үйде тәжірибесі аз болған жас келін бір күні қызып тұрған майға ет салғанда, майдың қатты атылған даусынан қонақтардың қолындағы кесесі түсіп кеткен. Сол сәтте барлығы абдырап қалғанымен, кейін бұл оқиға отбасы арасындағы ең қызықты естеліктердің біріне айналған.

Сондай-ақ, ол келін алғаннан кейін асханада екеуі жағаласып жүрмейін деп, тамақ жасағысы келгенде, жазғы ас үйіне барып, дәмді тағамдар әзірлейтінін айтады.

«Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін, өзінің ойлағаны бар шығар, басқаша тағамдар әзірлегісі келетін болар, сол себепті, тамақты бөлек асханада әзірлегенді жөн көремін», - дейді Динара Майғазиева.

Көпшілік мұны құп көріп, келін мен ене арасындағы татулықты сақтаудың жақсы әдісі деп бағаласа, енді бірі бұл жағдайға қатысты өз пікірлерін білдіруде.

"Қойындаршы. Сендер ғаңа тамақ істеп, сеңдер ғаңа қонақ күтесіндер ме?", "Отырмай ма тып-тыныш шалының қасында жас келинге обалго не туда не сюда журеди", "Бір үйде екі ас бөлмесі болғаны да мақтаныш па?", - деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий