Санжар Боқаев ұсталды
Қазақстанның бас прокуратурасы Санжар Боқаевтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
«Бүгін қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Санжар Боқаев ұсталды», - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, Санжар Боқаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.
Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде.
Соңғы жаңалықтар