Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
12.05.2025 15:06
0
141
Фото: ашық дереккөз

Сара Назарбаева қазіргі уақытта президент Іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Айта кетейік, 5 мамыр күні Сара Назарбаеваның ауырып қалғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық госпитальдің баспасөз қызметі барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатқанын айтты. 

Медициналық мекеме әкімшілігі мәліметінше, диагнозға, денсаулық жай-күйіне, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер құпияға жатады екен. Мұндай ақпаратқа қолжеткізу тек пациенттің келісімі бойынша немесе заңда көзделген өзге негіздер бойынша мүмкін болады.

«Сондай-ақ медициналық этика мен кәсіби жауапкершілік қағидаларына сәйкес медициналық ұйымдар дербес медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялық режимін қатаң сақтауға міндетті. Ақпаратты таратпау туралы шешім пациенттің жеке өміріне құрмет көрсету, емдеу процесіне сыртқы араласудан қорғау және оның заңды құқығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», – деп қосты хабарлады медициналық мекеме.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий