Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты тың дерек шықты

23.12.2025 16:03 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты тың дерек шықты
0
512
Фото:facebook.com/bobek.samopoznanie

Белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына сұхбат беріп, Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы көптеген ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Сара Назарбаеваның жағдайы туралы БАҚ абайлап жаңалық тарату керегін еске салды.

"Соңғы ондаған жыл ол кісі елдің көзінен таса болды. Ауыр жағдайлар болды. Айсұлтан немересі қайтыс болды. Оның алдындағы Рахат пен Дариғаның оқиғасын қараңыз. Оның бәрі әйел адамға ауыр ғой. Бір кезде ұйып отырған керемет әулет. Бұл саяси астарын айтып, кім кінәлі, кім кінәсіз деген мәселе емес, ол - әйел адам бәріне жаны ашиды. Бәрін жақсы көреді, - деді дінтанушы.

Сонымен қатар ол Сара Алпысқызының қатты ауырғанын да айтып өтті.

 Қатты ауырды. Елбасы өзі ұшып келіп, қасында үш күн отырған. Дәрігерлер “қайтады” деп айтқан. Сара апамыздікі - рухани ауру. Балаларының тағдырын уайымдап, болмай қалған әулетінің қиын тағдырын ойлап, содан рухани кеселге ұшырады, деді ол.

Сонымен қатар, дінтанушы Сара Алпысқызының денсаулығына суық сумен жуынғанның да біраз зияны тигенін алға тартады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий