Саран қаласында ер адам мысықтарды жануарлар үйінің ауласына лақтырып кетті

Белгісіз біреу панахана аумағына алдымен екі кішкентай марғауды, кейін олардың анасы болған мысықты ауладан лақтырып кеткен. Панахана(приют) өкілдері бұл дерек бойынша полицияға шағым түсіріп, кінәліні жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапқа тартуды талап етуде.
Панахана қызметкерінің айтуынша, оқиға бірнеше күнге созылған. Шамамен он күн бұрын панахана аумағына екі марғау лақтырылса, кейінірек тағы бір жас мысық тасталған. Ал соңғы жолы олардың анасы болған ересек мысықты дуалдан лақтырған сәтте панахана қызметкері сыртқа шығып үлгеріп, жауапсыз иесімен бетпе-бет келген.
Әйелдің сөзінше, ол полиция шақыратынын айтқанда, ер адам: «Сендер панаханасыңдар, бәрін алуға міндеттісіңдер» деп дөрекілік танытқан. Кейін ол мысықты қайтадан алып кетуді ұсынған, алайда панахана қызметкерлері оның жануарды басқа жерге апарып тастайтынынан қауіптеніп, келіспеген. Соңында ер адам «Егер арыз жазсаң, мен сенің кесіріңнен осы жерден кетуге мәжбүр боламын» деп кетіп қалған.
Соңғы жаңалықтар





