"Сатқындық жасау керек болды": Дина Төлепберген өмірдегі қиын кезеңін еске алды
Дина Төлепберген жазбасын "Айнада адал бол" деп атады. "Кейде өмірде қиын таңдаулардың алдында тұрасың.
Менің де от пен судың арасына топ етіп түскен жайым бар.
21 жасымда басымнан өткен бұл оқиғаны студенттерге айтып беріп едім. Қысқаша баяндасам, маған не сатқындық жасау, не рахат өмірді таңдау керек болды,-деп хабарлайды politico.kz
Бассыздыққа барсам, бастықтарым айлығымды екі есеге көтеріп, жалға пәтер беріп, кешкі жаңалықтардың жүргізушісі етіп қояды-мыс. Әрине, қазір ойланбай-ақ шешім қабылдар едім. Бірақ 21 жасымда маған өте ауыр болды.
Баспанам жоқ. Жарты жылға жетер ақшам жоқ. Және дәл арманымның алдына келіп тұрғанда, бас тартуым дұрыс па деген ойлар болды.
Мамама хабарластым. Сонда оның айтқаны: "Қызым, айнаға қарашы. Айнадан ұялмайтын Динаны көрсең, демек дұрыс жолда жүргенің!" - деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...