"Сегіз жыл бала тұрмады": Қарақат Әбілдина өміріндегі ең ауыр сәтін есіне алды

11.04.2025 14:01
0
72
ашық дереккөз

Әнші Қарақат Әбілдина өміріндегі ең ауыр әрі ерекше кезеңдердің бірін еске алып, қасиетті қажылық сапары туралы жүрек тебірентерлік әсерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ол алғаш рет 2007 жылы Меккеге барғанын айтып, сол сәттің маңызын ерекше тебіреніспен сипаттады. Жолы түскен бұл қасиетті сапар Қарақат ханым үшін өміріндегі үлкен сынақтармен тұспа-тұс келген. Тұңғыш баласынан кейін сегіз жыл бала сүю бақыты бұйырмай, сонымен қатар әкесінен айырылып, күйзелісте жүрген шақта бұл сапар оның рухани серпілісіне себеп болған.

Әнші қасиетті Қағбаны алғаш көрген сәтін ерекше күйде еске алды.

"Алғаш Әл-Харамға қадам басып, қағбаны көзіммен көрген кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әкем тіріліп келетіндей еңіреп тұрып езілгенім әлі есімде. Бұл қасиетті жерде көзіңе жас алмау тіпті де мүмкін емес сияқты. Жүрек көзің ашылатыны сондай, өзіңнің шынайы табиғатыңды, қайдан келіп, қайда баратыныңды терең сезінесің. Күнделікті тірлікте тағып жүрген түрлі маскаларың шешіледі. Қысқасы, өз пенделік ақиқатыңды білесің”, – деп жазды әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий