Семейде ер адам аялдама маңында көз жұмды
Семей қаласында орталық базар маңында, аялдаманың арт жағында ер адам кенеттен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, сағат 13:47-де 103 нөміріне ес-түссіз жатқан ер адам туралы хабар түскен. Реанимация тобы оқиға орнына жеткенше, диспетчер куәгерлермен байланыста болып, телефон арқылы жүрек-өкпе реанимациясының алғашқы тәсілдерін түсіндірген. Дәрігерлер келген кезде реанимациялық шаралар басталып кеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Медицина қызметкерлері оқиғаның көктайғақпен байланысты емес екенін атап өтті. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі — жедел жүрек жеткіліксіздігі. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның жанында танысы болған, ол жәбірленушінің кенеттен жағдайы нашарлап, алдымен тізерлеп отырып, кейін етпетінен құлап, қырылдай бастағанын жеткізген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...