Семейде мектеп оқушыларына тиісіп, қорқытқан мас ер адам ұсталды (ВИДЕО)

24.04.2026 20:19 Қарақат АСЫЛОВА
Семейде мектеп оқушыларына тиісіп, қорқытқан мас ер адам ұсталды (ВИДЕО)
319
Видеодан кадр
Семейде қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды

Семейде мектеп оқушыларына тиісіп, балағат сөз айтып, қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Семей қаласында мас күйдегі ер адам мектеп оқушыларына тиісіп, оларды қорқытып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға 23 сәуір күні болғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам балаларға ауыр сөздер айтып, төбелес шығаруға әрекеттенген. Оның әрекеті жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін еді. Сол сәтте өтіп бара жатқан әйел қорықпай араша түсіп, оқушыларды қорғап қалған. Ол болған жайтты ұялы телефонға түсіріп алған. Бейнежазба авторы сондай-ақ оқиға кезінде маңайда жүрген кейбір ер адамдардың араласпай, бейжай қарағанын атап өткен. Кейін тағы бір әйел қосылып, екеуі бірге агрессорды сабырға шақырып, ол жерден кетуіне ықпал еткен.

Араға бірнеше күн салып, полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, 27 жастағы азамат қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, тұрғындарға тиісіп, балағат сөздер айтып, тыныштықты бұзған.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий