«Сен келінсің ғой!»: Али Оқаповтың жарына сын айтылды

«Сен келінсің ғой!»: Али Оқаповтың жарына сын айтылды
16.06.2025 21:01
0
417
Фото: instagram.com/aliokapov

Қазақстандық әншілер Али Оқапов пен Әкерке Бүркітбай әлеуметтік желіде жаңа бейнежазбасын жариялады. Ерлі-зайыптылар қол ұстасып камера алдында қыдырып жүрген сәтін көрсеткен. Алайда кейбір желі қолданушыларына Әкеркенің киімі ұнамай қалған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Видеода Али ақ шалбар, жеңіл аяқкиім, ашық түсті футболка мен хаки түсті жейде киген.

Ал оның жары Әкерке жазғы серуенге ашық лимон түсті мини-көйлек, биік өкшелі босоножка және ақ сөмке таңдаған.

Бейнежазбада: «Мен саған сенің сезімдеріңде мойынсұнам» деп жазылған.

Алайда кейбір моралистер пікір қалдырып, келін образына сай келмейтін киім екенін алға тартты:

«Ұзын көйлек кисе қайтеді, жараспайды», «Сен келінсің ғой! Не үшін қысқа киім киесің, уят емес пе?!»

Десе де, Али мен Әкеркенің жанкүйерлері мұндай сынмен келіспеді:

«Жараспайды дей алмаймын. Аяқтары қандай әдемі!», «Керемет жұп», «Күйеуі рұқсат етсе, неге кимеске?», «Жас әрі әдемі кезде мини киім кисін, өтініш, «ұят» деп, «сен келінсің» деп таңба тақпаңдар. Әже болғанда өзі-ақ ұят деп кимейді», «Өте жарасымды жұп, Роза Қуанышқызы үшін де қуаныштымын. Әкерке, сіз бұл отбасыға лайықсыз», Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, келін образы мен заманауи стиль тақырыбында қызу талқылау жүріп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий