«Шахановтың зираты тапталып жатыр»: желі белсендісі дабыл қақты
Әлеуметтік желі белсендісі Талғат Бұхарбаев өзінің парақшасында ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жерленген орны жайлы жазба жариялап, зират аумағын қоршау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Жел қолданушысының жазуынша, тезірек қоршап қоймаса, айналасы тапталып бара жатыр.
Белсенді Түркістанға қайтып келе жатқан жолда ақынның зиратына соғыпты.
«Кеше кешқұрым Түркістанға қайтып келе жатып, ақын Мұхтар Шаханұлы жатқан зиратқа соққан едік. Енді батып бара жатқан күнге бір мұнарасы шағылысқан зиратта Көпен Әмірбек ағамыз жатыр екен. Жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын. Ұлы ақынның басына қырқында тас қойылады дейді. Тезірек қоршап қоймаса, айналасы тапталып бара жатқандай көрінді. Зәулім үй тұрғызбаса да, сол жағын ескерсе екен…», – деді желі қолданушысы.
Оқырмандар бұл жазбаға қатысты түрлі пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
«Уақытша ғой, артында ұл-қыздары болса, кейін басына тас қояды ғой..», «Уақытша болсада белгі тақтайшаны дұрыстап жазып қойғанда болатын еді. Енді мынауы ұят», «Қырқында көктас қойылады сол кезде жазып қояды қырқына дейін ақ мата байлайды болмаса осылай жәй атын жазып қояды адаспау үшін», - деп жазды желідегілер.
Соңғы жаңалықтар