Шахтинскідегі жарылыс: Зардап шеккендердің бесеуі — полиция қызметкері
Газ баллонының жарылысына қатысты 40 жастағы күдікті ұсталды.
Шахтинск қаласында тұрмыстық газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты, деп хабарлайды Politico.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына 4 минут ішінде жетіп, 40 м² аумақтағы жиһаздар мен үйдегі заттардың жанып жатқанын анықтаған. Тілсіз жаудың салдарынан 8 адам түрлі жарақат алса, оның 5-еуі полиция қызметкері болып шықты және олардың барлығы дереу ауруханаға жеткізілді.
Бұл оқиғаға қатысты бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
«Полиция қызметкерлері 40 жастағы күдіктіні ұстады. Ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасына жатқызылды және күзетпен бақылауға алынды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай күдікті толық емделіп шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Қазіргі уақытта мамандар жарылыстың нақты себептерін анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды
20.10.2026
17:05
Серік Ибрагимов 50 жасқа толған Мейрамбек Бесба...
20.10.2026
16:50
Павлодарда апалы-сіңлілі екі баланы зорлап, ВИЧ...