"Шәкіртіне зорлық көрсеткен": танымал хореограф өз пәтерінде өлі табылды
Санкт-Петербургте танымал биші әрі хореограф Тадж Баймурадов 36 жасында қайтыс болды, деп хабарлайдв Politico.kz.
Оның қазасын ағасы Сулейман Баймурадов әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлаған.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Баймурадовтың денесі 23 тамызда Санкт-Петербургтегі пәтерінен табылған. Кейбір ақпарат құралдары оның өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін жазды, алайда өлімнің нақты себебі бойынша ресми қорытынды әзірге жарияланбаған.
Бұған дейін хореографтың аты сексуалдық зорлыққа қатысты дауға байланысты аталған. Бұрынғы шәкірттерінің бірі Баймурадовты бірнеше жыл бұрын өзін жыныстық зорлыққа ұшыратты деп айыптаған. Өз кезегінде хореограф бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, тағылған айыптарды негізсіз деп атаған.
Баймурадовтың өлімін оның отбасы мен PR-агенті растаған. Оқиғаның мән-жайы бойынша қосымша ақпарат әзірге нақтыланып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...